Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы көпірді су шайып кеткенболатын. Қазіргі уақытта нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
“ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Болатбек Айтбаевтың айтуынша, Ақан-Бұрлық өзені үстімен өтетін көпірді қалпына келтіру жұмыстарына 41 адам мен 19 техника жұмылдырылған.
– Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолының 835 шақырымында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар күрделі жөндеу жұмыстары аясында көпірдің төсемін кеңейту үшін арқалықтарды ауыстырып, тіректерді қалпына келтіруде, – дейді Болатбек Айтбаев.
Барлық жұмыстар қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.