Петропавлда 77 тұрғын эвакуцацияланады. Рижская көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде жертөледен өрт шыққан. Жалынды ауыздықтауға 2 техника мен 13 маман жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының айтуынша, 10 шаршы метр аумаққа таралған өрттің салдарынан жиһаз бен басқа да тұрмысқа қажетті заттар жарамсыз болып қалған. Өрт себебі мен келтірілген материалдық шығын мөлшері есептелуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp