«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨП БОЛЫП ЖҰМЫЛСАҚ — ЖЕҢЕМІЗ

Қазір адамның иммун тапшылық вирусы медицинада өзекті мәселенің бірі екенін айтқан жөн. Ресми деректерге сүйенсек, елі­мізде жиырма төрт мыңнан астам азамат АИТВ-инфекциясымен өмір сүреді. Үстіміз­дегі жылдың он айында облысымызда 164 адам АИТВ жұқтырды. Науқастардың дені – есірткі қолданушылар. Инъекциялық есірткі қолдану ауру жұқ­тыру қаупін арттырады. Соның ішінде 20-29 жастағы азаматтардың үлесі – 17,1 па­йызды, 30-39 жастағы тұр-ғындардың саны 42,1 па­йызды құрайды.

2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мү­ше елдер 2030 жылға қарай індетті толық жою туралы ортақ келісімге келді. Қазір облыстық ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес орталығының мамандары ауқымды жұмыс атқаруда. Алдымен, ауру­дың алдын алу үшін қоғамда бұл мәселенің маңызды­лығы түсіндірілуі тиіс. Жастар, әсіресе, психо­белсенді заттар мен есірткі­лер­ді пайдалануға болмайтынын ұғынға­ны жөн. Ауру жұқтырған жағдайда сырқат­тың өмір сүру сапасын жақ­сартуға ерекше назар аудару керек. Ал АИТВ-ның таралуының бірнеше жолы бар. Қауіпті вирус жүктілік ке­зінде анадан балаға берілуі мүмкін. Боса­ну, баланы емізу кезінде де ауру жұқтыру қаупі зор. Сондай-ақ, дерт қан ар­қылы жұғады. Де­неге таңба (татуировка) не­месе пирсинг салу да қауіпті.
Жақында қауіпті дертпен күрес айлығы өт­ті. Осы науқан аясында Қазақ дерматоло­гия және жұқпалы аурулар ғылыми орталы­ғының бастамасымен елімізде ұйымдасты­рыл­ған “Мен неге АИТВ туралы айтамын?” атты чел­ленджі қоғамның қолдауына ие бол­ды. Бұл шараға қатысушылар бейнеүндеу жариялап, инфекциялық вирусқа қатысты өз ой-пікір­-лерін білдірді. Ауқымды шараға танымал тұл­ғалар қатысты. Бір ай көлемін­де өткен науқан барысында облыста да түр­лі шаралар ұйымдастырылды. Кәсіпқой бокс­тан бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жа­қияновтың бей­неүндеуі жариялады. Ақпараттық тұрғыда қолдау білдірген спортшы қоғамда бұл мәсе­ле өзекті екенін айтып, саламатты өмір сал­тын қалыптас­тыру үшін тұрғындарды спорт-пен шұғыл­дануға шақырды.
Бүгінде АИТВ-ның алдын алып, ауру жұқ­тыр­ғандарға қолдау білдіретін қоғам­дық ұйымдардың рөлі зор. Біздің облыста да осындай ұйымдар бар. Мәселен, “Фе­никс” заң­ды тұлғалар бірлестігі өкілдерінің қаты-суы­мен ЖИТС орталығында түрлі ша­ра­лар өтеді. Бірлестік құрамында инфек­ция жұқ-тырған адамдар да бар. Сырқаттар­дың дені өмірден түңілмей, алдымен өзге­лерге қол ұшын созатынын айтып өткен жөн. Олар бел-сенді өмір сүру ұстанымын қа­лыптастырып, адам­ның иммун тапшылығы ви­русымен күрескен жандарға қолдау біл­діреді. Мұндай адамдар қоғаммен ашық бай­ланыста болады.
Бұл орайда аутрич-қызметкерлерге не­месе нұсқаушыларға ерекше тоқталып өт­кен жөн. Олардың барлығы инъекциялық есірткі тұтынады. Арнайы дайындықтан өткен еріктілер есірткі қолданушылардың сеніміне кіріп, аурудың зиянын түсіндіреді. Аза-маттарды медици­налық ұйымдарға бағыт-тап, экспресс-тес­ті­леу тобын ұйымдастыра-ды. Аутрич-қыз­меткер­лерсіз біздің жұмысы-мыз тиімсіз екенін мойындауымыз керек.
Бүгінде облыстық ЖИТС профилактика­сы және оған қарсы күрес орталығында он аутрич-қызметкер бар. Сондай-ақ, наша­қор­лар арасында бұрын есірткіге тәуелді болған азаматтардың беделі жоғары. Олар да біздің көмекшілеріміз. Медициналық қыз­мет­кер-лер­дің де жанкешті еңбегін ерекше атап өт-кен жөн. Біздің мамандар тұрғындар ара-сында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргі-зуде. Әсіресе, оқушылар мен студент­терді, жұмыс істейтін жастарды кеңінен қам­туға тырысу­дамыз. Мамандар оқу, жұмыс орын­дарында ғана емес, адамдар көп шо­ғыр­ланатын жер­лерде бұқаралық іс-шара­ларды жиі ұйым­дастырады. Кәмелеттік жас­қа толған акцияға қатысушылардың адам­ның иммун тапшы­лығы вирусы бойынша экс-пресс-тестілеуден өтуге мүмкіндігі бар. Бұл жұқпалы вирус бол­ғандықтан, қоғамда атал-мыш аурудың алдын алған абзал. Сондықтан ЖИТС-тің алдын алу науқаны аясында бір ай бойы жалпыреспуб­лика­лық қауырт желі іске қосылды. Қауырт желі екі тілде қызмет етеді. +7708-511-83-78, +7708-511-83-79 нөмірлері бойынша кез кел­ген адам хабарласа алады. Барлық ақпарат құпия сақталады.

 

Айман СЫЗДЫҚОВА,
облыстық ЖИТС профилактикасы  және оған қарсы күрес  орталығының бас дәрігері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp