Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында екі көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында Жамбыл облысының “Агроспецстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Бір тұрғын үйде бір, екі және үш бөлмелі 18 пәтер бар. Пәтерлер кезекте тұрған адамдарға беріледі. Қазіргі уақытта олардың саны 286 екен. Ең алдымен көмекке мұқтаж жандар, әлеуметтік аз қамтылған мен көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспанамен қамтамасыз етілетін болады.
– Биылғы қараша және желтоқсан айларында осы екі жаңа тұрғын үй тапсырылып, кезекте тұрған адамдардың игілігіне тапсырылатын болады. Өңір бюджетінен бұл мақсаттағы жұмыстарға 445 миллион теңге бөлінді, – деді Мағжан Жұмабаев ауданындағы құрылыс бөлімінің басшысы Азамат Қыраубаев.
http://petropavltv.kz,
сурет http://petropavltv.kz сайтынан алынды.