«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨП ТІЛ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің тіл және әдебиет институтында “Тілдерді білу – қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі факторы” атты сайыс өтті.

Сайысқа Ұлттық ұлан әскери институтының, гуманитарлық техникалық, Солтүстік Қазақстан медициналық, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі және өнер колледждерінің, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттерінен құралған алты топ қатысып, білімдерін сынға салды.

Үміткерлер бес кезең бойынша бақ сынады. “Тұсаукесерде” әр команда өзін таныстырса, “Кім жүйрік?” кезеңінде ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап берді. Ал “Жыр сандық” кезеңінде қатысушылар өлеңді мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, жастар берілген мақал-мәтелдерді толықтырып, үш тілде жазу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласынан берілген үзіндіге қазақ және орыс тілдерінде пікір айту бойынша сынға түсті.

Қорытындысында Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттерінен құралған топ бірінші орынды жеңіп алды. Ал М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің және Ұлттық ұлан әскери институтының студенттері екінші және үшінші орындарға лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен топтардың жетекшілері сыйлықтармен, грамоталармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Гаухар АЛТАЕВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Практикалық қазақ тілі” кафедрасының оқытушысы, магистр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp