«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨРКЕМ ҚАЛА ЖАЙЛЫ КІТАПТАР

Петропавлдағы И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана Астана күніне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған кітаптар елорда жайлы сыр шертеді. Әдебиеттерден Астананың құрылуы, гүлденуі жолымен және сәулетімен танысуға болады. Мәселен, “Ақмола” энциклопедиясында еліміздің бас шаһарының тарихы баяндалады. Ондағы саяси-экономикалық жағдай, халықтың тұрмыс-тіршілігі жан-жақты жазылған. Сондай-ақ, көрмеден Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Еуразия жүрегінде” атты туындысын, Президенттің дәйексөздерін кездестіруге болады.

– Мысалы, “Астана” журналында “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесі жайлы айтылған. Халықаралық көрменің маңызы ерекше – бүкіл республика өміріне сапалы жаңа технология мен инновация дендеп енетін болады. Оқырмандарымыз осындай маңызды мәліметтермен де таныса алады, – дейді И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың аға кітапханашысы Елена Филкова.  

Жалпы аталмыш кітапхана қорында бүгінде 50 мыңға жуық кітап бар. Күніне мұнда 40-тан астам оқырман келеді. Олардың барлығы 20-дан астам кітап қойылған көрмеден Астана жайлы мол мағлұмат ала алады.

Мағжан АХМАДИНА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp