«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨРМЕ ЖЕҢІМПАЗЫ  

Шұжық өнімінің 130-дан астам түрін шығаратын жергілікті “Казмясопродукт” кәсіпорны Мәскеуде өткен 28-халықаралық “Worldfood Moscow” азық-түлік көрмесіне қатысып, үш бірдей алтын медальға ие болды. 

Серіктестіктің бас технологы Юлия Гончарованың айтуынша, кәсіпорын көрме талаптарымен таныса келе үш аталымға қатысуды жөн санаған.

– Көрмеге әлемнің 65 елі 584 түрлі өнімін қойды. “Ет өнімдері және консер­вілер” бөлімінде біз әлемнің 35 компа­ниясымен сынға түстік. Бірінші күні өні­міміз зертханада сынақтан өтті. Кейін арнайы комиссия сарапшылары дәмін көрді, – деді ол.
Солтүстік Қазақстаннан апарған үш өнім де байқаудың қорытындысы бо­йын­ша алтын медальға ие болған.
– Өнімдеріміз лайықты бағасын ала­тынына сендік, бірақ үш бірдей алтын аламыз деп ойлаған жоқпыз. Біздің бар­лық өнімдеріміз талапқа сай әзірленеді. Арнайы дәмдеуіштерді көп қоссақ, тексерістен өтпес еді. Біз шұжықтарды байқауға арнайы әзірлеген жоқпыз, бә­рін сөреден алдық, – дейді ЖШСнің ди­ректоры Серік Ілиясов.
Өңірімізде жұмыс істеп жатқанына 14 жыл болған кәсіпорын бір айда 100 тон­на өнім шығарып, оны облыс орта­лығындағы 9 фирмалық дүкенде және сауда орындарында сатады. Нұр-Сұлтан қаласында да серіктестіктің арнайы дүкені бар.
– Ресейдің Екатеринбург, Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр­мыз. Біздің өнімді ұнатқан олар енді әріптестік қарым-қатынас орнат­пақ ниетте, – дейді Серік Ілиясов.
 

 

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp