Облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша аптаның әрбір сәрсенбі күні қабылдайды. Онда азаматтардың көтерген мәселесін өз құзыреті шегінде жылдам шешу үшін қабылдауға бөлініс басшылары қатысады.
Солтүстікқазақстандықтар полиция басшылығына қылмыстық істерді тергеу, сондай-ақ ішкі істер органына жұмысқа орналасу тәртібі сияқты бірқатар бағыттар бойынша жиі жүгінеді. Азаматтардың әрбір көтерген мәселесі мұқият қарастырылып, жазбаша жауап беріледі.
Облыстық полиция департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Динара Қожантаеваның ақпараты бойынша, үстіміздегі жылдың он айында азаматтар 2852 мәселе көтерсе, оның 1772-і облыстық полиция басшылығының атына келіп түскен. Басшылықтың жеке қабылдауында 152 адам болған, оның 101-ін ведомство бастығы Марат Төлебаев, 51-ін орынбасарлары қабылдаған. Қазіргі уақытта карантиндік шектеулерге байланысты бұл іс-шара «Азаматтарды қабылдау» алаңдарында бейнебайланыс режимінде өткізіледі. Облыстың бас полицейінің қабылдауына 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефондары арқылы жазылуға болады. Полиция бөліністері басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі полицияның әкімшілік ғимараттарында орналастырылған. Бұдан бөлек, облыстық полиция бастығы орынбасарларының байланыс мәліметтері – ведомствоның кіші порталында жарияланған («Департамент туралы» бөлімі, «Құрылым» кіші бөлімі : https://bit.ly/3noTpPy). «Facebook» әлеуметтік желісінде 2019 жылдың 1 маусымынан СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың ресми парақшасы жұмыс істейді, оған полиция құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша жүгінуге болады.