«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

Петропавлда волейболдан Ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігінің екінші туры аяқталды. Спорт сарайында өткен жарысқа Алматы, Хромтау, Өскемен, Атырау және Петропавл қалаларынан 8 команда қатысты.

Қызылжарлық “Есіл” командасы төрткүндік сайыс барысында төрт кездесу өткізді. Жерлестеріміз “Тараз” (3:2), “Буревестник” (3:1), “Алтай” (3:0) және “Павлодар” (3:0) командаларын тізе бүктірді. Бұл турда бірде-бір рет жеңілмеген есілдіктер біріншілік көшбасшыларының қатарына кірді. Екінші турдың қорытындысы бойынша “Атырау” командасы – 16, қызылжарлықтар мен тараздықтар 15 ұпайдан иеленді.

Қазақстан волейбол федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, ел біріншілігінде “Атырау” (32 ұпай), “Тараз” (30 ұпай), “ТНК “Казхром” (27 ұпай) және “Есіл” (27 ұпай) командалары алғашқы төрт орынға жайғасқан.

Чемпионаттың үшінші туры да 29-31 қаңтар күндері Петропавлда өтеді. Үшкүндік сайыс барысында жерлестеріміз “Атырау”, “ТНК “Казхром” және “Маңғыстау” сияқты Ұлттық лиганың үздік командаларымен күш сынасады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp