“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалында педагогтарға арналған “Білім берудегі көшбасшылықтың бағыттары мен табиғаты” тақырыбында шара өтті.
Шығармашылық бағыттағы шарада білім беру жүйесінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі, білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мен мұғалімнің мәртебесін көтерудің талабы жайлы әңгіме өрбіп, қатысушылар мәселені жан-жақты талқылады.
Шараның пленарлық сессиясында эссе, мақала және бейнероликтер бойынша жұмыстар қорытындыланып, үздік жұмыстар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Гүлзәт ӘЛЖАНОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚ-ы филиалының облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы.