Қаладағы Хименко көшесінде балаларға арналған спорттық мереке ұйымдастырылды. Оған облыс орталығының кішкентай тұрғындары мен олардың ата-аналары қатысты.
Ұйымдастырушылар жуырда Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіс тұғырынан көріне білген спортшыларымыздың байрақты бәсекелерін тамашалап қана қоймай, бүлдіршіндерді спортқа баулуды жөн көріпті. Сәбилер жүгіру, ұзындыққа секіру сынды спорттың 13 түрі бойынша сайысты.
– Біз балаларымыздың дені сау болғанын қалаймыз. Олардың жүздеріне қуаныш ұялату – баршамыздың міндетіміз. Өйткені, дені сау ұрпақ – мемлекетіміздің байлығы. Алдағы уақытта да түрлі спорттық мерекелер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – дейді “Семейный” пәтер иелері кооперативінің төрайымы Ирина Радченко.
Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.