Эквадордан келген Альберто Маралис Чиса мен Эрнесто Агилар петропавлдық тұрғындарға қала көшелерінде өнер көрсетіп жүр. Олар кичуа үндістерінің ұлттық музыкасын дәстүрлі аспаптарында ойнайды.
Шығармашылық топ «Қандас бауырлар» деп аталады. Оңтүстік Америкадан келген әртістер бұған дейін көптеген мемлекеттерде өнер көрсетіпті. Біздегі гастрольдік сапарлары бірнеше күнге жоспарланған. Олар біздің өңірімізге сату үшін түрлі әсемдік бұйымдар мен күйтабақтарын да ала келіпті. «Топ мүшелері қазақ және орыс тілдерінде сөйлей алмайды», – дейді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы Кристина Горбаченко.
(Өз тілшіміз).