«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШЕТ КӨКТЕП, ТАЛ БОЛСЫН!

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Петропавлдағы Жеңіс саябағына 100 түп көшет отырғызылды. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Өңір басшысы игі іске жиналғандарға сәттілік тілеп, өзі де жұмысқа қызу кірісіп кетті.

Өңіріміздің тазалығына үлес қосу үшін зиялы қауым, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар ре­сурстық орталығының еріктілері, «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қа­зақстан халқы облыстық ассамблея­сының өкілдері де саябақ маңынан табылды.

– Биыл еліміз Жеңістің 80 жыл­дығын атап өтеді. Жеңіс саябағы – жерлестеріміздің Ұлы Отан соғы­сындағы ерліктерінің символы іс­петтес. Саябақты абаттандыру ісіне жұмылғандардың қатарында аға буын өкілдері де бар, – дейді облыс­тық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Бұл күні облыс бойынша 17223 түп ағаш егілді. 26 сәуірге дейін 28457 түп көшет отырғызу жоспарлануда.

– Жеңіс саябағы қала тұрғында­ры жиі серуендейтін орынға айнал­ған. Ел үшін жандарын пида еткен майдангерлерге тағзым етілетін орын­дарды таза ұстау – жауапты маман­дардың ғана емес, баршамыздың мін­детіміз, – дейді Жастар ресурстық ор­талығының еріктісі Ева Гребеннико­ва.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp