«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШПЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

Өңірімізде қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарының өткен жарты жылдағы атқарған жұмысы қорытындыланған республикалық көшпелі жедел кеңес өтті.

Еліміздің әр өңірінен жиналған мамандар алдымен облыс аумағындағы қылмыстық атқару жүйесі мекемелерін аралап, коммуналдық-тұрмыстық нысандардың, өндірістік аймақтардың жұмысымен, қауіпсіздікті сақтауда қолданылатын амал-тәсілдермен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Ал кеңес барысында қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы жетістіктер мен кемшін тұстар әңгіме өзегіне айналды. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің режім, қадағалау және күзет басқармасының аға жедел уәкілі Қуаныш Медеев еліміздегі түзету мекемелерінде орын алған оқиғаларға, оның негізгі себептеріне тоқталды. Сонымен қатар аталмыш жүйенің алдында тұрған міндеттерді де атап өтті.

Кеңес соңында өткен жартыжылдықта нәтижелі жұмысымен ерекшеленген ұйымдар мен аймақтық департаменттер анықталды. Қызылорда облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті үздік деп танылса, Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/20 ұйымы үздік бөлімше атанды.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp