“Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің ұжымы «Адон-Север» қоғамдық бірлестігінің қызмет алушылары үшін көшпелі экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия жүргізушілер өздерімен бірге музей жәдігерлерін алып келіп, әрқайсысы жайында қызғылықты мәліметтерді баяндап берді.
«Адон-Север» қоғамдық бірлестігі ерекше күтімді қажет ететін балалар мен ересек адамдардың қоғамға бейімделуіне көмектеседі. Музей қызметкерлерімен кездесуде олар қазақ жерін қорғаған батырлар жайында мағлұмат алып, олардың қаруларымен танысты.
Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Қоғамдық бірлестіктің қызмет алушылары экскурсия жүргізушісінің сөзін мұқият тыңдап, ойындарға белсене қатысты. Олар үшін бұл шара нағыз мерекеге айналды. Кейін жиналғандар музейде көздің қарашығындай сақтаулы тұрған жәдігерлерімен суретке түсті.