«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШІ-ҚОННЫҢ ӨЗ ОРТАЛЫҒЫ БАР

Петропавлда  көші-қонның тұрғындарға қызмет көрсету орталығы ашылды.

Мұнда  мигранттарға еңбек етуге рұқсат беру және оның мерзімін ұзарту бойынша қызмет көрсетіледі. Бұған дейін бұл құжаттарды алуға 5 күн керек болса, енді Петропавлға жұмыс іздеп келген шетелдік азаматтар осы қызметтерді бір күннің ішінде «бір терезе» қағидаты бойынша электрондық кезекпен ала алады. Бұл жерде медициналық тексеруден, дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға  да болады. Қазір мұнда 10 қызметкер азаматтарды аптаның бес жұмыс күнінде қабылдайды. Жыл басынан бері еңбек етуге рұқсат беру және оның мерзімін ұзарту туралы мигранттардан 1500 өтініш түсіпті. Мұндай орталық  бұған дейін еліміздің  7 қаласында ашылған екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp