«Нелегал-2017» шұғыл алдын алу шарасы басталған алғашқы күні-ақ облыс полицейлері заңсыз еңбек етіп жүрген 5 шетелдікті анықтаған.
Мәселен, өзбекстандық 4 азамат бір солтүстікқазақстандықтың үйін жөндеп жүрген жерінде табылды. Енді шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған отандасымыздың 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Жалпы шараның бірінші күні көші-қон заңын бұзудың 273 фактісі тіркелген.