«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШ БАСЫНДА

Өтіп жатқан шайбалы хоккейден ашық ел біріншілігі аясында петропавлдық “Құлагер” өз айдынында Қарағанды қаласының “Теміртауын” қабылдады. Тартысты өткен кездесу барысында жерлестеріміз теміртаулықтарды 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

Жергілікті команда ел біріншілігінің турнирлік кестесіндегі бірінші орынды сақтап келеді. Ортаға шайба тасталысымен, бірінші кезеңдегі ойынның басым бөлігі “Құлагер” қақпасының маңында өрбіді. Қонақтар қақпамызға екі шайба салғанымен, жерлес хоккейшілеріміз алты бірдей шайбаның авторы атанды. Сөйтіп, жерлестеріміз есепті 6:2-ге жеткізді. Осы орайда, кездесудің тағы бір қаһарманына айналған қақпашы Андер Янковты атап айтуға болады. Ол өз қақпасына бағытталған 32 соққының 30-ын тойтарған.

Өкінішке қарай, қарымта кездесуде қызылжарлықтар алғашқы ойындағы жетістігін қайталай алмады. Жергілікті хоккейшілер кенді қала хоккейшілеріне 2:5 есебімен есе жіберді.

Бұл ойында өңір командасының шабуылшысы Евгений Попитич пен Дмитрий Исмагилов шайба салды. Сәтсіздікке қарамастан жергілікті құрама 25 ұпай жинап, ашық біріншіліктің турнир кестесінде әлі көш бастап тұр.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp