«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШ-ҚОН КВОТАСЫ БӨЛІНЕДІ

2016 жылы Үкіметтің ағымдағы жылғы 18 ақпандағы

“Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы” Қаулысын іске асыру шеңберінде 1259 оралмандар отбасын жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тарихи Отанына оралған этникалық қазақтарды орналастыру аймақтық квоталары келесі кезекте бөлінген: Павлодар облысына – 690 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына – 260 отбасы, Ақмола облысына – 123 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына – 108 отбасы, Батыс Қазақстан облысына – 29 отбасы, Атырау облысына – 28, Қостанай облысына – 21 отбасы.

Жоғарыда аталған Қаулыда жұмыс күшіне сұраныс мол аймақтарға қоныс аударғысы келетін ҚР азаматтарын көшіру де қарастырылған. Бұл бағытқа 463 қоныс аударушы отбасын қабылдау квоталары бөлінген: Павлодар облысына – 300 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына – 101 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына – 40 отбасы, Қостанай облысына – 22 отбасы.

Аймақтық квоталар тізіміне кіретін оралмандар мен қоныс аударушыларға, сондай-ақ, олардың отбасыларына көшу кезінде көмек көрсетіліп, жұмысқа орналасу, оның ішінде “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

Аймақтық квотаға өтінім беру кезінде оралман куәлігі бар тарихи Отанына келген этникалық қазақтар қатыса алады. Оралман мәртебесін алу және квота тізіміне енгізу мәселелері бойынша тұрғылықты мекен-жайына қарай облыстық, Астана, Алматы қалалары жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтінім білдіруге болады.

Ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап оралмандар мен қоныс аударушыларға қажетті толық ақпаратты қамтитын “Ұлы көш” ақпараттық порталы өз жұмысын бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, 1991-2015 жылдар аралығында 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесіне ие болды. Бұл жалпы халық санының 5,5%-ын құрайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp