«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ ІСТЕР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында берген тапсырмасына сай әр өңірде қоғамдық келісім кеңестері құрылған болатын. Қоғамдық келісім кеңестерінің басты мақсаты – тұрақтылықты, азаматтық татулықты, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Өңірімізде осындай міндетті жүзеге асыратын 80 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді.

Облыс орталығындағы Достық үйінде өткен жиында қоғамдық келісім кеңестерінің атқарып отырған жұмысы қорытындыланып, жетістіктері айтылды. Мәселен, Шал ақын ауданындағы кеңестің ұйымдастыруымен 328 зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 334,8 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілсе, Мамлют ауданында белсенді жастардан құралған “Тимур” жасағы 200-ден астам қарияға қол ұшын созған.

– Біздің ауданда 13 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеп тұр. Олар өзекті мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаруда. Кеңестің көмегімен Астраханка ауылдық округінде зиратқа жер бөлу мәселесі оң шешімін тапты. Сондай-ақ, елді мекендегі мемориалдық кешен жөнделді, – дейді Аққайың аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Арман Дүйсенбинов.

Жиын соңында аудандық ішкі саясат бөлімдеріне қоғамдық келісім кеңесінің қызмет картасын құру міндеті жүктелді. Сондай-ақ, кездесуде еңбегі еленген бірқатар мамандар марапатқа ие болды.

Риат ШОНИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp