Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында орыс жазушысы Алексей Ивановтың романының желісімен жазылған “Географ глобус пропил” қойылымы көрсетілді. Омбы мемлекеттік драмалық “Бесінші театры” аталмыш спектакльді алты жылға жуық сахналап келеді.
Оқиға желісі бойынша Пермь қаласында тұратын Служкиндер отбасында біраз қиындық орын алады. Мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған биология пәнінің мұғалімі Виктор амалсыздан географиядан сабақ береді. Мектепке жаңадан келген қызметкер оқушылармен тез тіл табысып кете алмайды. Тентектеу балалар оны басынып, сөзіне құлақ аспайды. Жұмыста да, жеке өмірінде де жолы болмаған Виктордың рөлін Омбы мемлекеттік драмалық “Бесінші театрының” актері Евгений Фоминцев сомдаған.
(Өз тілшіміз).