«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІ КЕШ

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кішкентай көрермендер “Аквамен” фильмін кинотеатрда тегін тамашалауға мүмкіндік алды.

 

Танымал кинорежиссер Тимур Бекмамбетов пен “Асыл бала” қоғамдық қорының бірлесуімен қолға алынған республикалық науқан аясында балалар ұмытылмас кештің куәсі атанды. Балалар ауылының балғындары қысқы демалыста тосын сый жасаған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Мен ертегі кейіпкері сияқты болғым келеді. Басында біз қандай фильм көретінімізді білген жоқпыз. Ұмытылмас әсер сыйлаған осындай көңілді кештер көп болса екен, – дейді балалар ауылының тәрбиеленушісі Роман Морозов.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,Soltústіk Qazaqstan”

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp