«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР САЙЫСЫ

Облыс орталығында оқушылар арасында “Made in KZ” тақырыбымен жайдарман ойыны өтті. Еліміздің орталық және солтүстік облыстарынан сегіз команда қатысқан жайдарман ойындары осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Жайдарман ойынында алғаш болып қарағандылық “Көңілді қытырлақтар” командасы өнер көрсетті. Осы сайысқа команда Гарри Поттер кітабының желісі бойынша әзірлеген әзілдерін алып келіпті. Командалардың арасында Астанадан келген “Елорда” құрамасы да көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлауға тырысты. Сайыс қорытындысы бойынша, қарағандылық “Көңілді қытырлақтар” командасы бірінші орынды жеңіп алды. Ал жүлделі екінші және үшінші орындар “Елорда” және жезқазғандық “Нағыз қазақтар” құрамаларына бұйырды.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp