«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛАТЫНША ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

Кеше республика жұртшылығы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде жалпыхалықтық диктант жазды. Еліміздің барлық аймағында бір мезетте ұйымдастырылған шара біздің өңірімізде Оқушылар сарайында өтті. Оған 80ге жуық өңір тұрғыны қатысты.

Өз еріктерімен диктант жазуға құлшыныс білдіргендердің дені – мемлекеттік қызметшілер. Бұл шарадан оқушылар, студенттер, ұстаздар мен тағы басқа сала өкілдері де қалыс қалған жоқ. Диктант “Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасының” практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылауға арналды.

Тұрғындардың латын графикасы бойынша сауаттылығы сарапқа салынған диктантты жазып шығу үшін қатысушыларға 30 минут, уақыт берілді. Диктант мәтіні 75 сөзден құралды. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Әсем Сүлейменова диктант аяқталған соң жұмыстарды арнайы құрылған комиссия мүшелері бағалау өлшемшарттары арқылы тексеретінін айтты. Ұйымдастырушылар аудан тұрғындары үшін де “emle.kz” сайтының басқы бетінде орналасқан сілтемемен компьютер немесе ұялы телефон (смартфон) арқылы кіріп, диктант жазуға мүмкіндік жасалғанын жеткізді. Латын қарпі бойынша білім деңгейін бақылауға ниет білдіргендердің бірі – облыстық дін істері басқармасының бас маманы Айгүл Рысдәулетова.

– Латын әліпбиін меңгеру жастарға қиындық тудырмайтынына сенімдімін. Өйткені, олар ағылшын тілін меңгеруде, яғни латынша жаза алады. Жауапты шараға өзім жақсы дайындалдым, – деді ол.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp