«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛЕРА КУДРЯВЦЕВА

Ресейдің танымал тележүргізушісі, әнші, “ТЭФИ” сыйлығының иегері Лера Кудрявцева (шын аты Валерия) 1971 жылы Өскемен қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Болашақ жұлдыз бала кезінен танымал болуды армандаған. Ол орта мектепті бітіргеннен кейін Өскемендегі училищенің театр факультетіне оқуға түседі.

Бұдан соң білімін Мәскеудегі ГИТИС-те жалғастырып, эстрада факультетінің актерлік бөлімінде оқыған. Муз-ТВ концерттерін және “Новая волна” ән фестивальдарының белді жүргізушісі өзінің “Секрет на миллион” авторлық бағдарламасы арқылы да кеңінен танымал. Ал әртіс ретінде “Улицы разбитых фонарей” кино топтамаларында көзге түсті. 2008 жылдан бері бірнеше фильмде басты рөлдерді сомдады.
Лера Кудрявцева Қазақстанда болған сайын біздің елде туып-өскенін үнемі айтып жүреді. Ол мұнда танымал музыкалық бағыттағы кештерді жүргізуге жиі келеді.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp