«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛИАННА ТОП ЖАРДЫ

Петропавлдағы Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің 6-сынып оқушысы Лианна Хикоян “Fiestalonia Almaty” атты халықаралық байқауға алғаш рет қатысқанына қарамастан, топ жарып, лауреат атанды.

Ол скрипка сыныбы бойынша білім алуда. 11 жасар Лианна Хикоян додалы жарыста облыс намысын ойдағыдай қорғап, топ жаруы тыңғылықты дайындықтың арқасы екенін айтады. Күніне табан аудармастан бірнеше сағат жаттығу өз жемісін берді.  

Скрипка сыныбының оқытушысы Ольга Свисткованың айтуына қарағанда, аталмыш байқауға Испания, Италия, Франция елдерінен де дарынды ұл-қыздар келген. Қазақстанның өзінен әртүрлі аталымдар шеңберінде бір мыңға жуық үміткер қатысқан. Оның ішінде ысқылы аспаптар бойынша 32 жас өнерпаз өзара бақ сынасқан.

Лианна Хикоян алдағы уақытта Болгария мен Италияда өтетін халықаралық музыкалық конкурстарға қатысуды жоспарлап отыр.

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp