«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛОНДОННАН ҰШАҚ КЕЛДІ

Петропавл халықаралық әуежайына қонған «Air Astana» әуе кемесімен Лондоннан 95 қазақстандық ұшып келді.

Түрлі себептермен шетел асқан ел азаматтарын қарсы алуда барлық сақтық шаралары қатаң жүргізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары орындалып, әуежай аумағы, жолаушылардың жүктері мен жатын орындары дезинфекцияланды. 

Шетелден келген қазақстандықтар үшін барлық жағдай жасалды. Тамақпен қамтамасыз етіліп, түрлі бағыт бойынша кеңес берілді. Олар Петропавл қаласындағы қонақүйлердің біріне жайғастырылды. Ол жерде де барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілді. 

Жолаушылар мен экипаж мүшелерін COVID-19 жұқпасына зертханалық тексеру үшін олар екі тәулікке оқшауланады. Қорытынды нәтижесі шыққан соң азаматтар өз өңірлеріне аттанып, үй карантинінде болады. Бұл орайда, өңір тұрғындарының қауіпсіздігі де қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн. Ал мұндай рейстер еліміздің 9 қаласына келген болатын.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp