«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАГИСТРЛЕРГЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

– Үстіміздегі жылдың басында күшіне енген “Мұғалім мәртебесі туралы” заңға сәйкес магистр дәрежесі бар мұғалімдерге төленетін қосымша ақының көлемін білгім келеді.
Айман Сұрағанова,

Петропавл қаласының тұрғыны.
Оқырманның сауалына облыстық білім басқармасының жоспарлау және болжау бөлімінің басшысы Шынар Сағитова жауап берді:
– Үстіміздегі жылы “Мұғалім мәртебесі туралы” заңды орындау мақсатында он жеті мыңнан астам педагогтың еңбекақысы өседі. Осы орайда жергілікті бюджетке мектепке дейінгі және орта білім беретін мемлекеттік мекемелер педагогтарының жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын 42 күнтізбелік күннен 56 күнтізбелік күнге дейін көбейтуге, орта білім беретін мемлекеттік ұйымдар педагогтарының еңбекақысын жоғарылатуға қажет тиісті қаржы бөлінді. Оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жұмыс істейтін мұғалімдерге, магистр ғылыми дәрежесі бар педагогтарға – 26510 теңге, жас мамандарға тәлімгер болған ұстаздарға 17697 теңге қосымша ақы төленеді.
Жаңа оқу жылынан бастап орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін төленетін қосымша ақы екі есе ұлғайды.
Үстіміздегі жылы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік мекемелердің педагогтарына кәсіби біліктілігіне сәйкес қосымша ақы төлеуге, жыл сайын білім саласы мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға жоғарылату үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp