«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАДИНА ӨСЕРБАЕВА – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Мәдениет саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген жергілікті өнер ордаларының жүлде қоры тағы бір марапатпен толықты. С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актрисасы Мадина Өсербаева Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Сахнагер-2019» ұлттық театр жүлдесін иеленді.

«Үміт» аталымында жеңіске жеткен жерлесіміз жоғары марапатқа «Қарагөз» спектакліндегі басты рөлі үшін ие болған. С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының режиссері Фархад Молдағалидың саунд драма жанрында дайындаған спектаклі тұңғыш рет 2017 жылы сахналанған. Көрерменге жол тартқан күнінен-ақ қойылым көпшіліктің көңілінен шығып, өнерсүйер қауым арасында театрға деген ықыласты арттыра түсті. Осы жолы спектакль театрдың талантты әртісі Мадинаның да абыройын арттырып, үздіктер қатарынан көрінуіне себепші болып отыр. Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің қолынан диплом мен 150 мың теңге сыйлық алған жерлесіміз осыған дейін де жергілікті театр сахнасында басты рөлдерді әсерлі сомдағаны үшін түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған.

«Сахнагер» ұлттық театр сыйлығы биыл үшінші рет табысталды. Осы жолы драма, опера, балет, қуыршақ және жастар театрларында еңбек етіп жүрген 54 әртіс ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 18 аталым бойынша марапатталды.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp