«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЛ ҰРЫЛАРЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Шал ақын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығының бетін ашты. Маусым айының басында Қаратал ауылының 54 жастағы тұрғынының екі жасар торпағы жоғалып кеткен еді. 

Қожайыны бірнеше күн бойы торпағын іздеп, таба алмаған. Ақыры қамаудан секіріп шығып, қашып кеткен шығар деген оймен жоғалғанына көнген. Тіпті полицияға да жүгінбеген. Күндердің күнінде полиция қызметкерлері одан «малың жоғалды ма» деп сұрағанда, оның таңданысында шек болмады. Торпақ қолды болған екен. Бұл Шал ақын және Жамбыл аудандарында орын алған бірқатар мал ұрлығын тергеу барысында анықталды. Екі бұзау ұрлағаннан кейін «ізін суытпай» қолға түскен күдіктілер басқа да қылмыстарын мойындады. Олардың төрт мал ұрлығына қатысы бар болып шықты. Қазіргі уақытта олар Шал ақын ауданының ауыл тұрғынына келтірілген зиянның орнын толтырып, 350 мың теңге төледі. Риза болған ауыл тұрғыны өз алғысын аудандық «Новатор» газеті арқылы білдіріп, күдіктілерді іздеуге және тергеуге қатысқан аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Руслан Мұхамбетжановқа және жеке құрамға ризашылығын айтқан.
Жыл басынан бері облыста мал ұрлығының 60,3 пайызға азаюына қол жеткізілді. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 63 дерек тіркелсе, қазір 27 факті. 12 қылмыстың беті ашылды, қалғаны қаралуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp