«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДӘРІСХАНА

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында деңгейлік курстар және сертификатталған мұғалімдер үшін мамандандырылған дәрісхана ашылды.

Мамандандырылған дәрісхана оқу, ақпараттық-коммуникативтік технология, сындарлы ойлау, релаксация сияқты белсенді аймақтармен жабдықталған. Дәрісхана деңгейлік курстарды сапалы ұйымдастыруды және сертификатталған мұғалімдердің кәсіби тәжірибелері мен сындарлы оқудағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Курс тыңдаушыларын және өңір педагогтерін оқыту филиалдың білім беру кеңістігіндегі “Өзін-өзі тану”, М.Жұмабаев және SMART-learning, М.Монтессори кабинеттерінің оқу-ақпараттық және ғылыми-әдістемелік ресурстарын қолдана отырып жүзеге асырылады.

Басқа экспонаттар қатарында сертификатталған мұғалімдердің курсаралық іс-шаралардағы тиімді педагогикалық тәжірибелерінің нәтижелері көрсетілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша сертификатталған 1484 мұғалім бар. Оның 82 пайызы – ауыл, 18-і – қала мектептерінен.

“Сертификатталған мұғалімдер жетістіктері аллеясында” ізденімпаз 13 мұғалімнің тәжірибелері ортаға салынды.

Бақыт НҰРЫШЕВА,

деңгейлік бағдарламалар

орталығының тренері.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp