Мектеп қабырғасынан бастап болашақ мамандықты қалай таң-дауға болады? Жақсы журналист болудың жолдары қандай? С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “дөңгелек үстел” отырысына қатысушылар осы сауалдарға жауап іздеді. Мектеп қабырғасынан бастап болашақ мамандықты қалай таңдауға болады? Жақсы журналист болудың жолдары қандай? С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “дөңгелек үстел” отырысына қатысушылар осы сауалдарға жауап іздеді.
Өскелең ұрпақты қиындығы мен қызығы мол жауапты сала – журналистикаға баулу мақсатында ұйымдастырылған отырысқа облыс орталығындағы мектептердің оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Журналистика” кафедрасының оқытушысы Валерия Островская, телевизия ардагері Наталья Варова, Ресей Журналистер одағының мүшесі, облыстық әдеби бірлестіктің мүшесі Оксана Ефремова және “Қызылжар” телеарнасының тілшісі Зайра Жақыпова қатысушыларға журналистиканың қызықты тұстары жайлы айтып, жақсы маман болу жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ, “Soltústіk Qazaqstan”.