Бұл жайында Мамлют ауданына жұмыс сапарымен барған өңiр басшысы Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.
Биыл облыста жолдарды жөндеуге 39 млрд. тг бөлiндi. Мамлют ауданында да жолдарды жаңартуға бiршама қаржы бөлiндi.
«Облыста елдi-мекендердiң iшкi көшелерiн жөндеуге биыл 4,5 млрд. тг бөлiндi. Соның iшiнде Мамлютка қаласының көшелерiн жөндеуге 500 млн. тг бөлiнiп отыр. Биыл өңiрде 100 мектеп жөнделедi. Соның iшiнде 6 мектеп Мамлют ауданының аумағында орналасқан. Ауданға 348 млн. тг бөлiндi. Былтыр бұл ауданда 3 мектеп жөнделген едi», — дедi Құмар Ақсақалов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.