«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАМЛЮТ АУДАНЫНДА ӘКІМ АУЫСТЫ

 

Мамлют аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов Владимир Бубенконың облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты аудан әкімі қызметіне Ерболат Бекшеновтің кандидатурасын ұсынды. Аудандық мәслихаттың депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Ерболат Бекшенов Орталық Азия университетін тамамдағаннан кейін, еңбек жолын “Бекшенов” шаруа қожалығында бастаған. Кейін мемлекеттік қызметке ауысып, соңғы 3 жылда Мамлют ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген еді.

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов алда атқарар жұмыстар көп екенін айта келіп, жаңадан тағайындалған аудан басшысына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, Мамлют ауданында еңбекақы мөлшерін көбейту, Ресеймен шекаралас ауданда экспорттың әлеуетін арттыру қажеттігін айтты. “Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Енді біздің өңір екі елмен қарым-қатынасты бұрынғыдан да нығайтып, Елбасы берген тапсырмаларды орындауға тиіс. Бұл Қазақстанның одан әрі дамуына үлес қоспақ”, – деді облыс әкімі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp