
Тамыздың 13-інен 14-іне қараған түні Қызылжар ауданында «Scoda Superb» көлігі жолда кенеттен пайда болған маралмен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолының 466-шы шақырымында, Бескөл кентінің маңайында түн жарымында орын алды. 40 жастағы жүргізуші астана тұрғыны екен. Қауіпсіздік жастығының арқасында оның денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ. Көлігі қирап, арнайы техника шақыртуға тура келді. Жануар сол жерде мерт болды.
Тәртіп сақшылары мұндай оқиғалар оқта-текте кездесіп тұратынын айтып, жүргізушілерді әсіресе түнде орман маңында жылдамдық режімін сақтап, сақ болуға шақырады.
Биыл өңірімізде жабайы жануарлардың кесірінен екі жол апаты тіркелді. Сонымен қатар полицейлер қараусыз жайылып жүрген үй жануарлары да қауіп төндіретінін ескертеді.