«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВТЫҢ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Марат Тасмағанбетов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Марат Иманбайұлы 1971 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Рузаев ауданы Андреевка ауылында туған. Көкшетау ауылшаруашылық институтын  – ғалым-агроном мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1994 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Привольный» совхозында бригада есепшiсi болып бастады. 1995 -2006 жылдары  «Западный» кеңшарының бас агрономы,  «Западное-Казахстан», «Вест» серіктестіктерінің директоры қызметтерін атқарды.  2006-2014 жылдары   Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi болды. 2014 жылдан бастап осы күнге дейін Петропавл қаласының әкiмi болып қызмет етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp