«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАСТЫҚ – ӨЗІҢЕ ДЕ, ҚОҒАМҒА ДА ҚАСТЫҚ

Облыс полицейлері этил спиртінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюдың амалдарын жүзеге асыру жолында рейдтер жүргізу жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. 21 жасқа толмаған адамдарға ішімдіктер сатуды анықтау да осы мақсатқа кіреді.

Өкінішке қарай, осы бағыттағы заңнамаларға қырын қарайтын азаматтар жоқ емес. Ондайлар осы жүргізілген рейдтердің барысында анықталды. Мысалы, “Егемен Қазақстан” көшесінің бойында орналасқан көлікжайдың иесі оны металл және шыны ыдыстарды қабылдау орнына айналдырып алыпты.

Ал қабылдау қосынының 55 жастағы бір жұмысшысын учаскелік инспекторлар спирт сатып жатқан жерінде құрықтады. Саудаланған ішімдігінің адам денсаулығына зиян, залалы сатушының қаперіне де кірмейтін болып шықты. Сондықтан инспекторлар спиртті сараптамаға жіберді. Осы ретте заңсыз ішімдік сатумен айналысқан адамға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын азаматтарға ескертуді жөн көреміз.

21 жасқа толмаған адамға ішімдік сатқаны үшін өңір орталығының ДСР ауданындағы азық-түлік дүкенінің сатушысы жауапкершілікке тартылмақ. Одан спиртті сусын сатып алған қыздың 19 жаста екені анықталды.

Ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының мәліметіне қарағанда, 2015 жылдың сегіз айында облысымызда 7356 қылмыс оқиғасы тіркелсе, олардың 809-ы мастықтың салдарынан жасалғаны белгілі болды.

Ал алкогольді сусындар ішкен және көпшілік, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 8842 адам ұсталды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

 баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp