Үстіміздегі жылдың басынан бері Қызылжар өңірінде мас жүргізушілердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Осы оқиғаларда 3 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Алайда алдын алу шараларының нәтижесінде биыл жолдағы апаттар саны өткен жылғыдан 17% кеміген көрінеді.