«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАС ЖҮРГІЗУШІЛЕР САЗАЙЫН ТАРТАДЫ

Облыс полицейлері “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу шарасы аясында 38 жүргізуші ешқандай құжатсыз “темір тұлпарларын” тізгіндегенін анықтады. Сондай-ақ, 21 адам көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, жолда жүйткулерін тоқтатпапты.

Абай мен Жамбыл көшелерінің қиылысында көзге түскен “ВАЗ-2110” және “Айсберг” сауда үйінің жанында тоқтатылған “ВАЗ-21053” автокөліктерінің 1992 және 1991 жылдары туған жүргізушілері мас болғаны дәлелденді. Екі іс те тиісті шешім шығару үшін Петропавл қалалық әкімшілік сотына жолданды.
Келесі түні тәртіп сақшыларына “Береке” шағын ауданында “Лада Ларгус” көлігінің иесі рульге ие бола алмай, жеке меншік үйлердің біріне соғылғаны туралы хабар келіп түсті. 1978 жылғы бұл жүргізуші де мас болып шықты. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
“Мас жүргізуші” шарасының екі күнінің ішінде 24 мас жүргізуші құрықталды. Ал осы алдын алу шарасы қолға алынғалы жолда жүру ережесін бұзудың 887 дерегі анықталды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp