«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАС ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҚАМАЛДЫ

Петропавл қаласының екі тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Абай көшесінің бойында полицейлердің күдігін туғызған көліктің жарығы дұрыс жанбаған.

 Тәртіп сақшылары оның жүргізушісін ескерту жасау үшін тоқтатқанда, 32 жасар көлік иесі мас екені анықталды. Ал 1986 жылы туған жігіт мас күйінде рөлге отырып, Интернационал көшесінің бойымен әрі-бері ойқастаған. Екеуінің де көліктері айыппұл тұрағына қойылды. Ал жүргізушілері 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. 11 қаңтардан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістер бойынша осындай жаза қарастырылған. Бұған дейін мұндай құқық бұзушылық үшін жүргізушілер үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылатын.
Қазір заң қатаңдатылды. Жүргізуші дәл осындай заң бұзушылықты бір жылдың ішінде тағы қайталаса, 20 тәулікке қамалып, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Жазасының мерзімі өтпей жатып, рөлге қайта отырған жүргізуші 50-ден 70 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі немесе 10-нан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp