Қыркүйек айында төрт мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның 500-ге жуығы жылдамдықты асыруға қатысты болса, 400-ден астамында жаяу жүргіншілер заң бұзған. 47 жүргізуші мас күйінде ұсталып, қауіпсіздік белдігін тақпаған 569 жүргізушіге айыппұл салынды.
Петропавл қаласының орталығында “LADA Granta” маркалы автокөлікті тізгіндеген Тепличное ауылының 36 жастағы тұрғыны тоқтатылды. Тексеріс барысында оның спирттік ішімдік ішкені белгілі болды. Оның үстіне осыдан екі жыл бұрын ол үш жылға көлік басқару құқығынан айырылыпты.
Жыл басынан бері мас болса да рөлге жармасқан 1026 жүргізуші жауапқа тартылды. Мұндай жауапсыздықтың салдарынан 12 жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам көз жұмды, 19-ы түрлі дене жарақатын алды.
Сурет https://www.2000.ua сайтынан алынды.