Жуырда облыс полицейлері “Автобус” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылар тасымалдаумен айналысатын автокөліктерді тексерді. Соның нәтижесінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат құжаттары жоқ такси жүргізушілері ұсталып, басқа да тәртіп бұзушылықтар анықталды. Тексерістер барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 575 оқиғасы тіркелді. 126 жүргізуші көлік тізгінінде келе жатып ұялы телефон пайдаланса, 114-і маневр жасау ережелерін бұзған. 14 жүргізуші техникалық байқаудан өтпеген автобустармен жолға шыққан. Ең сорақысы, автобус жүргізушілерінің бірі көлікті мас күйде басқарғаны белгілі болды. Кінәлі жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырылды. Полицейлер іс материалдарын сот қарауына жөнелтті. Ереже талаптарын бұзған жүргізушілер ғана емес, енді автобус иелері де жазаға тартылатын болады.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.