Күн жылынысымен қала көшелерінде ағылған мотоцикл мен скутерлердің қарасы көбейді. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұл көлік түрлерінің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Осыған орай мұндай көлік құралдары көктем-жаз маусымында полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауында.
Соңғы екі күнде Петропавлда екі доңғалақты көлікті мас күйде басқарған екі жүргізуші ұсталды. Гашек және Уәлиханов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері түннің бір уағында мотоцикл рөліне отырған 36 жастағы ер адамды ұстады. Куәландыру нәтижесінде оның қатты мас екені анықталды. Сот шешімімен қала тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Мас күйінде скутер рөліне отырған тағы бір қала тұрғыны күндіз ұсталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 44 жасар қала тұрғыны көлік құралын тоқтату туралы полицейлердің талабын елемей, бағдаршамның қызыл түсіне жүріп өткен. Оған қатысты жолда жүру ережесін және төтенше жағдай режімінің талаптарын бұзғаны үшін материал жиналуда.
Жыл басынан бері Петропавл қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 6 мыңнан астам дерегі анықталды.