«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маусымдық дерт

Өңірімізде күн жылынып келеді. Ауа райының осындай күндерінде көп адамдардың денсаулығы сыр беріп, мау­сымдық дерттері (ал­лергия) мазалауы мүмкін. Иммуни­теті әлсіз адамдар жиі шалды­ға­тын бұл ауруды ағзаға пай­далы тағам­дарды тұтыну арқылы жеңе ала­мыз.

Аллергия – қазір әлемде кеңінен тараған аурулардың бірі. Бұл дерт, әсіресе, көктем, жаз мезгілдерінде қозады. Адамда аллергия түрлі жағ­дайда пайда болады. Мәселен, кей­бір адамдар өсімдіктердің тозаң­да­нуынан, үйдегі шаңнан немесе косметика, дәрі-дәрмектен ауруды ас­қындырып алуы мүмкін. Егер адамның бойында қарапайым суық тиюге ұқсас белгілер пайда болса, (мұрны бітеліп, түшкірсе, та­мақ ұзақ уақыт бойы қышыса) бұл шаң­ға аллергия дегенді білдіреді. Көз­дің қызаруы мен қышуы да ау­ру­дың басты белгісі болып санала­ды. Осындай белгілер орын ал­ғанда бір­ден дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.

Көп адамдар аллергияны суық тиюден ажырата алмай жатады. Адам суық тиіп ауырғанда дене қызуы көтеріледі. Ал шаңға ал­лергиясы бар адамдарда бұл белгі мүлдем байқалмайды. Аллергия мен суық тиюді осыған қарап ажы­ратуға болады. Негізінен науқасқа диагнозды дәрігер қоюы керек. Сол кезде ғана одан құлан таза айығып шығуға болады.

Аллергия мен ауыратын адам­дар гүлдердің тозаңда­нуы кезе­ңін­де өсімдіктерден бой­ды аулақ ұс­тауы тиіс. Иммундық жүйесі әлсіз аллергиктерге шаң-тозаңның орта­сында жүрмеуге ке­ңес береміз. Таза ауада дем алып, серуендеу­ден кейін міндетті түрде киген киі­мін тазасына ауыстырған азбал. Өйткені, өсімдіктердің өскін­дері киімде тұрып қалуы мүмкін. Денені түгел жуу да артық бол­майды. Терінің құрғауы мен қы­шуын азайту үшін көзге тамшы құю­ға болады. Аллергия кезінде ан­тигистаминді әсері бар тамшы­лардың пайдасы зор. Дәрігер та­ғайындаған дәрілік заттарды ғана қабылдаған дұрыс.

Аллергиясы бар адамдар ме­йілінше өз бетімен ем қабылда­маулары керек. Облысымызда осындай қадамға барғандардың ішінде дерттерін асқынырып ал­ған­дар аз емес. Жалпы үй жағ­дайында аурудан бөлмені жиі жел­дету, үйді әрдайым таза ұстау ар­қылы ғана қорғана аламыз.

Аллергияны негізінен қыста ем­деген жөн. Адамдардың көбі бұл аурудың қайдан шыққанын түсін­бей, вирустық инфекция, тері ау­рулары деп қателеседі. Дәрі­гер­ге қаралмай, дұрыс анықтамай, уа­қыт созып жүріп алса, бұл сырқаттың соңы демікпеге айналып ке­туі мүмкін. Кез келген ауруды ем­деу үшін дәрігердің кеңесі қажет. Ал­лергиядан толық құтылу үшін ке­мінде үш жылдай уақыт кетеді.

Элина КЕЛЛЕР,

апаттық медицина орталығының фельдшері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp