«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҒЖАН МЕН СМАҒҰЛ

С.Садуақасұлы саяси қуғын-сүргінге душар болатын 1927 жылы жазған “Әдебиет әңгімелері” атты талғамы мен талабы биік мақаласында шынайы шығармашылыққа жөнсіз тиіскен шолақ белсенділердің қателігін айта келіп: “Мағжанды қайтсе де жақсылайын деген ойдан мен, сірә, аулақпын. Бірақ барын бар, жоғын жоқ деу керек. Мағжанды күйдірсек, біз барына күйдіреміз. Қайткенде де мен Мағжанды “доңыздатып, қоңыздатушыларға” қарсымын”, – деді.

Бұл – нағыз принципті көзқарас еді. Ел аузындағы Смағұлдың қайраткерлігі де, “әлсізге – пана, таланғанға қамқоршы болғаны” да осындай ұстанымында. Мұны ақын Мағжан білді. Ел үшін туған қайраткерлерді қадірлей отырып:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жанын кешіп, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Ел жауын зерттеп, өрт боп

тынбай жортқан,

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі,

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас, – деді.

Мағжанның осы сөзі Смағұлға да, өзі сынды қалам сертіне адал тұлғаларға да орнатқан ескерткіші еді.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp