«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҚСАТЫ – ТАТУЛАСТЫРУ

 

Өткен жылы еліміздің сот жүйесін жаңғырту мақ­са­тында “Сот жүйесін дамытудың 7 түйіні” атты жо­ба қолға алынған болатын. Со­ның аясында дауды шешудің баламалы тәсілдері заң­намалық деңгейде бекітілді. 

Бүгінде облыстық мамандандырылған ауданара­лық экономикалық сотта “Соттағы татуласты­ру рәсімдері” қанатқақты жобасы бойынша жұ­мыс­тарды бір жарым жылдан бері судья Дамир Омаров сәтті жүзеге асыруда. Үстіміздегі жыл­дың өткен то­ғыз айында бітімгер-судья Дамир Омаров 147 іс бойынша тараптарды татуластыр­ды. Оның ішінде 93 іс бойынша бітімгершілік келісім, 54 іс бойынша ме­диативтік келісім жасалған. 29 880 804 млн. теңге­ден астам мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Осы жоба аясында ел көлемінде сотқа дейін тату­ластыру кабинеттері ашыла бастады. Дау туындаған кезде екі тарап арасында түсініспеу­ші­лік орын алатыны белгілі. Сондай уақытта бірден сотқа жүгінбей, үшінші тараптың көмегімен дауды шешуге болады. Арнайы кабинетте судья тарап­тардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, олар­дың уәждерін тыңдаған соң тараптар­ды татуласуға шақырады. Ондай жағдайда төлен­ген салық со­масы толық көлемде қайтарылады, тараптарға ортақ шешімге келудің басқа да тиімді тұстары түсін­діріліп, ортақ бітімге келуге бес күн уақыт беріледі. Жоба шеңберінде шарттық міндет­темелерді орын­дау, материалдық және моральдық залалды, шығын­ды өндіруге байланысты даулар реттелді.
Еліміздің Жоғарғы соты судьялардың жүкте­месі мен жұмысын бағалау бойынша тең шарттарды қа­лыптастыру мақсатында “Соттағы татуластыру рә­сімдері” қанатқақты жобасы бойынша процестік әрекеттерінің жаңа алгоритмін ен­гізді. Осы алгоритм негізінде 2019 жылдың 23 қыркүйегінен бастап татуластыру рәсімдері сот­тың барлық судьяла­рына жүктелді. Бұдан былай әрбір судья аталған жобаны іске асыруға атса­лысады. Бұл – медиация институтының тиімділігі дә­лелденгенінің белгісі.

 

Бауыржан ЖАЙЖҰМАНОВ,
облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp