«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҚСАТ – БІРЛЕСКЕН ӨНДІРІС ҚҰРУ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бельгиялық “VAN HOOL” компаниясының өкілдерін қабылдады. Жиында бірлескен автобус өндірісін құру мәселесі талқыланды.

Кездесуді ашқан Ерік Сұлтанов облысымызда ауыл шаруашылығымен қатар машина жасау саласы да қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті. Өңір аумағында білікті кадрлармен қамтамасыз етілген 49 машина жасайтын кәсіпорын бар.

– Бүгіндері мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға үлкен қолдау көрсетіледі. Өз ісін ашамын дегендерге түрлі бағдарламалар әзірленді. Инвесторлар үшін де қолайлы жағдайлар жасалуда. Сондықтан сіздердің компанияларыңыз Бельгия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға үлес қосады деген сенімдемін, – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Қоғамдық көлік нарығын біраз уақыттан бері зерттеп жүргендерін айтқан бельгиялық компанияның басшысы Ян Ван Хоол:

– Сіздердің облыстарыңызда бұл салаға жақсы көңіл бөлінетіндігін байқадық. Бүгінде автобус өндірісін жолға қою үшін серіктес іздеп жатырмыз. Ең бастысы, бірлесіп шығарған өніміміз сапалы әрі бәсекеге қабілетті болуы тиіс, – деді.

Еуропадағы ең ірі автобус зауыттарының бірі болып саналатын кәсіпорын жыл сайын 1300-1500 автобус, 3500 тіркеме және одан басқа да техника түрлерін әлем елдеріне экспортқа шығарумен айналысады.

Мағжан АХМАДИНА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp