«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҚСАТ – КІРІСТІ АРТТЫРУ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің үстіміздегі жылдағы соңғы отырысында жыл қорытындысы шығарылды. Жиынға өңір басшысының орынбасарлары, Петропавл қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық және аумақтық басқармалар мен департаменттердің басшылары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 – Облыс әкімдігінің биылғы қорытынды аппараттық кеңесінде он екі айда атқарған жұмысымыздың қорытындысын шығарамыз. Доңыз жылы өңір үшін жемісті болды. Әр салада жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Өңірімізде елеулі оқиғалар орын алып, халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Ендігі кезекте атқарылған жұмыстарды ой елегінен өткізіп, алда тұрған келелі міндеттерді саралауымыз керек, – деген өңір басшысы үстіміздегі жылдың қорытындылары мен алда тұрған міндеттер туралы баяндады.
Шара барысында аудан әкімдеріне негізгі басымдық ретінде ең алдымен аудан кірісін арттыру, инвестиция тарту арқылы салық түсімін ұлғайтып, халыққа жаңа жұмыс орындарын ашу талабы қойылды.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің келесі нөмірінен оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp