«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҚСАТ – ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ

Облыс орталығында “Қоқыстарды бөлек жинаған үздік аула” акциясы өтпек. Бір айға жоспарланған шараға Петропавл қаласындағы 5 тұрғын үй ауласы қатысып, жеңімпаз атанғандарға ақшалай сыйлық табысталады.

Аталмыш акцияны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы “Green Help” бірлестігімен және “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп ұйымдастыруда. Ондағы мақсат – шикізаттар мен қолданылған техникаларды жаңартып, пайдаға жарату, қала тұрғындарын тазалықты сақтап, экология үшін күресуге шақыру.

Қалада қатты-тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін 600 қоқыс жәшігі, 54 пайдаланылған электр жабдықтарын, 30 жарық үнемдегіш шамдарды жинауға және сақтауға арналған жәшіктер орнатылған. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандары алдағы уақытта аудан орталықтарында да бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp