«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҚСАТ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Солтүстікқазақстандық спортшы Мақсат Нүсіпов Мароккода 35 жастан асқан самбо шеберлері арасында өткен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетіп, чемпион атанды.

Бұл сайыста Қазақстан құрамасының қоржыны 11 алтын, 10 күміс медальмен толықты. Жүлденің бірі 35-39 жастағылар арасында күрескен қызылжарлық спортшының еншісінде. Үш күнге созылған дода барысында Мақсат 62 килограмм салмақ дәрежесінде үш белдесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.

Мақсат Нүсіпов – Ұлттық ұлан әскери институтының аға жаттықтырушысы. Елімізге белгілі спортшы курсанттарға қазақ күресінен және қоян-қолтық ұрыстан дәріс береді.

Жерлесіміз енді Талдықорған қаласында қазақ күресінен өтетін ел біріншілігінде өңір намысын қорғайтын болады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp